Баукен Әлмеш Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы болды

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Ақмола облысы Әділет департаментінің ұжымымен кездесу өткізіп, ведомствоның жаңа басшысы Баукен Серікұлы Әлмешті таныстырды, деп хабарлайды Kazinform.

баукен алмеш
Фото: Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен

Әділет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Баукен Әлмеш 11 жылдан астам уақыт мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді.

2019-2023 жылдар аралығында Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Вице-министр Мемлекет басшысының министрлік алдына қойған міндеттерін белгілеп, жаңа басшыға сәттілік тіледі.

Айта кетсек, бұған дейін Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі тағайындалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар