Бауыржан Байбек алматылық полицейлерге: «Видеотіркеуішті өшірдің бе - жұмыстан кете бер»
«Әрбір құқық қорғаушыда видеотіркеуіш бар. Егер полиция қызметкері видеотіркеуішті өшіріп тастаса, біз оны бірден жұмыстан босату керек деген ойдамыз. Кейбіреулері қуаты бітті, сынып қалды дегендей уәж келтіріп, видеотіркеуішті өшіру арқылы пара алуы мүмкін. Сондықтан біз: «видеотіркеуішті өшірдің бе - бұл жемқорлыққа ашылған жол, өтініш жаз да, кете бер» дедік. Тек осылай ғана біз жемқорлықпен күресетін боламыз. Сондықтан біз алматылықтарға «сізді полиция қызметкері тоқтатса, видеотіркеуішті қосуды талап етіңіздер» дейміз», - дейді Бауыржан Байбек.
Әкімнің сөзіне қарағанда, қала көшелерінде, аулаларда, ойын-сауық орталықтарында 100 мыңға жуық камера орнатылған. Соңғы 2 жылда Алматыда ІІД-нің техникалық құрылғымен қамтамасыз етілуі 23-тен 87 пайызға дейін артқан.