Бауыржан Байбек Алматының тарихи орталығын қайта жөндеу жұмыстарын тексерді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы  әкімі Бауыржан Байбек  Қабанбай батыр, Панфилов, Жібек жолы, Гоголь көшелері мен «Астана» алаңын қайта жөндеу барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
None
None

Мегаполис басшысына аталған учаскелерде инженерлік желілердің ауыстырылғаны, ғимарат сыртының жаңарғаны, бірыңғай стильдің енгізілгені, гранит тастардың төселгені баяндалды.

Қабанбай батыр көшесінің екі жағынан Төлебаев пен Абылайхан көшелерінің арасына бірнеше күн ішінде тас төсеу жұмыстары аяқталады.

Гоголь көшесі  бойында жасыл желекті суаратын жүйе тартылуда, Қалдаяқов  пен Желтоқсан көшелерінің арасына тас төсеу қыркүйектің  басында іске асады.
null 

«Астана»  алаңында қозғалыс жолағы азайған, құрғақ фонтандарды  монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Тас төсеу де аяқталып қалды. Алаң қыркүйек  айының  басында ашылады.

Алматы  әкімі жүргінші тротуарларына тегіс, сапалы әрі экологиялық таза гранит плиткаларды төсеуге, жайлы көше жиһаздарын қою, түрлі ағаштарды отырғызуға бұйрық берді.

Сондай-ақ, арықтан аққан су сылдыры, көліксіз орталық, ретсіз жасалған жарнама мен сырты әбден ескірген фасадтардың жойылуы қала орталығын барынша жайлы әрі  танымал ететінін атап өтті.

Атап өтерлік жайт, мамандар ағаш отырғызуды күз мезгілінде бастау туралы шешім қабылдаған. Барлығы 330 мың шаршы метр аумақта қайың, терек сияқты ағаштар бой көтереді.

Атап өтерлік жайт, қалада барлық  магистральды көшелердегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын  жүргізу аяқталды. Қыркүйектің басында Асқаров көшесінің бойындағы су құбырларын  және Қазыбек би, Мәметова, Масанчи көшелерінің бойындағы учаскелерде жылу жүйелерін қайта жасау жұмыстары  қыркүйекте  аяқталады. Сонымен қатар, 14,7 км арық желісі, 57 көшедегі  42,2 км арық жүйесі қайта жасалуда.

Биыл Алматыда қаланың жолдары мен инженерлік желілерін салу мен жөндеуде 43 мың адам жұмыспен қамтылды.

Соңғы жаңалықтар