«Бавария» Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінде алғашқы турдың бірінші ойын күні өтті.

Футбол
Фото: Kazinform

Бұл турда Германияның «Бавариясы» өз алаңында Хорватияның «Динамо Загреб» командасын 9:2 есебімен сүріндірді. Бірінші кезеңнің өзінде жауапсыз үш гол салған германиялық команда одан кейін де басымдықты арттыра түсті.

Осылайша «Бавария» аталған турнир тарихында қарсылас қақпасына тоғыз гол соққан алғашқы команда атанды. Нәтижесінде Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты. 

Ал Испанияның «Реал Мадрид» командасы Германияның «Штутгартын», Италияның «Ювентусы» Нидерландтың ПСВ командасы, Англияның «Ливерпулі» Италияның «Миланын» 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ Англияның «Астон Вилласы» Швейцарияның «Янг Бойзын» 3:0, португалиялық «Спортинг Лиссабон» франциялық «Лилль» клубын 2:0 есебімен сүріндірді.

Енді екінші ойын күні, 18 қыркүйекте «Спарта Прага» (Чехия) мен «Ред Булл Зальцбург» (Австрия), «Болонья» (Италия) мен «Шахтер Донецк» (Украина), «Селтик» (Шотландия) пен «Слован Братислава» (Словакия) кездеседі.

Оған қоса «Манчестер Сити» (Англия) мен «Интер» (Италия), «Брюгге» (Бельгия) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Жирона» (Испания) клубтары жасыл алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар