Баян Есентаеваның тобы енді дуэт болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Shine Production продюсерлік орталыққа қарасты «Лашын» триосы енді дуэт болады, деп хабарлайды Massaget.kz топтың жеке парақшасына сілтеме жасап.
None
None

Көрерменнің ықыласына ие болған «Лашын» триосынан жас әнші Ақбота Айтқұлова кетуге мәжбүр.

Инстаграм желісіндегі топтың жеке парақшасында қыздар «Қымбатты біздің тыңдармандарымыз, оқырмандарымыз! Өкінішке орай Ақбота топтан кетуге мәжбүр болды. Біз Ақботаға тек сәттілік тілейміз! Енді құстың қос қанатындай болып Сара мен Элизат «Лашын» тобының абыройын асқақтатады деген үміттеміз» деп хабарлады.

Ақботаның топтан кетуіне денсаулығы себеп болғанын Баян өзінің инстапарақшасында айтып өтті. Ол: «Бота, біз сенің орныңды басатын қыз іздемейміз. Жазылып кет! Мүмкін бәрі оңына келіп, топқа да қайтып ораларсың», - деп жазды.

Ақбота бұл топқа Баян Есентаева ұйымдастырған кастинг арқылы кірді. Оның Баянның продюсерлік орталығында ән айтуына тоғыз айдай уақыт өткен еді.

«Лашын» тобы жақында «Жаса, туған жер!» атты әуен мен бейнебаян шығарып, халыққа таныстырған еді. Патриоттық рух, сұлулық пен батылдықты насихайттайтын бұл бейнебаян көптің көңілінен шықты.

Соңғы жаңалықтар