Баянауыл тас жолында көлік апатынан жүргізуші қаза тапты

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Алдын ала мәлімет бойынша жеңіл көліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай жолдан шығып кеткен. Полиция қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

Баянауыл тас жолында көлік апатынан жүргізуші қаза тапты
Фото: Canva

Облыс орталығынан Баянауылға апаратын республикалық тас жолда көлік апатынан жүргізуші көз жұмды.

- 16 қазан күні Баянауыл ауданы Бірлік ауылынан 10 шақырым жерде, «Қалқаман-Керней» автожолында Lexus RX 330 маркалы автокөліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып аударылған. Оқиға салдарынан жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлады өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полиция көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себебі тергеу барысында анықталады.

Тәртіп сақшылары мұндай қайғылы жайттардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережесін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды ауа райы жағдайын ескеруді және көлік құралының техникалық жай-күйін бақылап отыруды ескертеді.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам мерт болды. 

Соңғы жаңалықтар