Баянауыл ұлттық паркіндегі өрттің себебі анықталды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Сәуір айының басында Баянауыл ұлттық паркінің жері жанған болатын. Төтенше жағдай қызметінің мамандары өрттің шығу себебін анықтады. 

Баянауыл ұлттық паркіндегі өрттің себебі анықталды
Фото: Видеодан алынған скрин

Ұлттық парктегі өрт оқиғасынан соң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тексеру тағайындаған. Оның нәтижесінде табиғатқа келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгеден асатыны мәлім болды.

Өрттің шығу себебі де анықталды. Сауысқан ұлттық парк аумағындағы электр желісіне қонып, өртенген. Одан әрі жерге құлап, құрғап тұрған қалың шөп лап ете қалған.

— Қызметтік тексеру нәтижесінде жанған жерлердің аумағы 20 гектар екені анықталды. Ал Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тілсіз жаудың тұтануына электр кернеуіне түсіп өртенген құс себепкер деген қорытындыға келді, — дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Шамиль Елубаев.

Еске сала кетейік, биылғы сәуір айында Баянауылда ұлттық паркке қарасты жерлер өртенді

Өрттен Жасыбай орманшылығындағы ғимараттар жанып кетті

Дала құсының электр кернеуіне түсіп, өртке себепкер болуы Павлодар облысында былтыр да тіркелген

Соңғы жаңалықтар