Баянауылда қарақұртқа қарсы химиялық өңдеу шаралары қолға алынды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM- Баянауылдың Торайғыров ауылдық округі аумағында қарақұрттарды жою жұмыстары басталды. Мамандар қауіпті жәндікке қарсы химиялық препараттар қолдануда.

 дезинфекциялау
Фото: БҚО әкімдігі

Торайғыров ауылдық округі аумағында «DEZUS-PVL» ЖШС қарақұртқа қарсы химиялық заттармен (Цунами, ЭК) өңдеу жұмыстарын жүргізе бастады.

Бұл туралы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен хабарлады.

- Торайғыров ауылдық округінде айрықша қорғалатын жерлерден тыс аумақтарда химиялық өңдеу жүргізіліп жатыр. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде химиялық өңдеуге тыйым салынған. Қарақұрттарды жинап, өртеп, аналық қарақұрттарды жою арқылы биологиялық күресу шарасы көктемнен бері жалғасып жатыр,-деп мәлімдеді ұлттық парктен.

Бұған дейін Баянауылдағы туристік орындарда қарақұрт қаптап кеткені туралы жазғанбыз.

Қауіпті жәндіктің қаптауына байланысты өңірде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Соңғы жаңалықтар