Баянауылда прокуратура қызметкері өзіне қол жұмсады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - 29 жасар азамат пәтерінде өлі күйінде табылды. Облыстық прокуратура аталған оқиға бойынша полиция органдары тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

суицид
Фото: Kazinform

Баянауыл аудандық прокурорының көмекшісі пәтерінде өлі күйінде табылды. Алдын ала дерек бойынша ол өзіне-өзі қол жұмсаған.

Павлодар облыстық прокуратурасы аталған фактіні растады.

«Баянауыл аудандық прокуратурасы қызметкерінің өліміне қатысты облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1–тармағы бойынша (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деп хабарлады өңірлік прокуратураның баспасөз қызметінен.

Қайтыс болған азаматтың соңында екі баласы мен әйелі қалды.

Еске сала кетейік, Павлодарда студент қыз жатақханада өзіне қол жұмсады.

Соңғы жаңалықтар