Баянауылда жердің астына түсіп кеткен автобустағы адамдар әлі іздестіріліп жатыр

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Kazinform ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

баянауылдағы оқиға
Фото: ТЖМ

Опырылған жерде әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр, опырылу шекарасы тұрақты емес.

Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев бар.

Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологтары тартылды.

Оқиға орнында барлығы 97 адам, 103 қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды. 

Еске сала кетейік, кеше «Майқайыңалтын» кен орнында ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын. 

Кейін оқиға орнынан екі адамның денесі табылды

Кешкісін табылғандардың кім екені белгілі болды. 

 

Соңғы жаңалықтар