Баянауыл ауылында жаңа диагностикалық емхана ашылды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін Баянауылда жаңа аудандық диагностикалық емхана ашылды,
None
None

деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Екіқабатты ғимарат клиникалық-диагностикалық зертханамен, ультра дыбыстық диагностика кабинетімен, флюорография және рентген, сондай-ақ физиокабинетпен жабдықталған. Осы мекемінің құрылысы мен медициналық аппаратураларды сатып алуға 387 млн. теңге жұмсалған. Емхананың дәрігерлері күніне 150 емделушіге дейін қабылдай алады.

Жаңа мекемеге қол жеткізген аудан тұрғындарын аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев құттықтады. «Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында 2015 жылға дейін 350-ден астам денсаулық сақтау нысандарын, оның ішінде дәрігерлік амбулаториялар, емханалар мен фельдшерлік-акушерлік пунктін салуға тапсырма берген еді», -деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Павлодар облысында сырқаттырды жазатын жаңа диагностикалық технологиялар енгізіліп жатыр, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағадарламасы сәтті іске асуда. Жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жалғасып жатыр.

Бүгінгі күні Баянауыл ауданының аумағында орталық және туберкулезге қарсы ауруханалар, сондай-ақ Майқайың кетінде учаскелік аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория, 24 медициналық фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар