Баянауыл тауларынан зейнеткер құтқарылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 20 маусымда сағат 21.36-да Жасыбай демалыс аймағында тауда бір адам аяғын сындырып, түсе алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақтағы ТЖД-ға сілтеме жасап.
None
Фото: gov.kz

Оқиға орнына альпинистік жабдықтары бар 5 құтқарушы, бір техника және кинологиялық есептеу дереу жолға шыққан.

«Құтқарушылар таудан ер адамды іздеп тапқан кезде, ол ес-түссіз болды. Ол таудан, биіктіктен құлағаны анықталды. Оны байқап қалған демалушылар дереу құтқарушыларға хабарлаған.

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері СОБР, Павлодар облысы ПДҚ учаскелік инспекторларымен бірлесіп, зардап шегушіні жерден 200 метр биіктіктен қөтеретін арнайы зембілдерді пайдаланып түсіріп, жедел жәрдем қызметтеріне тапсырды», - деп жазды ведомстводан.

1958 жылы туған ер адамның миы шайқалып, іш қабырғасы көгерген. Ол Баянауыл орталық ауруханасына жатқызылды.


Соңғы жаңалықтар