10:15, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Баянауылда банк филиалы тоналды - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Баянауыл ауылында «Альянс-банктің филиалы тоналды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Бетперде киген және екі оқпанды аңшылық шолақ мылтықпен қаруланған екеу 13 миллион теңгені алып кетіп отыр. Күдіктілер - спорттық дене бітімді, бойлары 170-175 см. шамасында, спорттық күртеше киген жігіттер. Олар ашық көк түсті ВАЗ-21063 жеңіл көлікке мініп жүруі ықтимал деген пайымдаулар айтылуда. Банк филиалының күзетшісі тек резеңке таяқпен қаруланғандықтан, ол қарулы қарақшыларға қарсылық көрсете алмаған. Ғимараттың ішінде «дабыл нүктесі» болған, бірақ банк қызметкерлері оны пайдаланбаған. Полиция қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау жөніндегі жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.