Баянауылда екі жасар бала трактордан құлап, көз жұмды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Баянауыл ауданында екі жасар бала трактордан құлап, көз жұмды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Баянауылда екі жасар бала трактордан құлап, көз жұмды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 шілде күні сағат 15:30-да Баянауыл ауданы Қаражар ауылында үйдің ауласында 2019 жылы туған бала «МТЗ-82» тракторының салонынан жерге құлап түскен.
- Сәби ауруханаға жатқызылды. Өкінішке орай, алған жарақатынан есін жимастан көз жұмды. Кәмелетке толмаған балаларды бірнеше секундқа да қараусыз қалдырмаңыз. Балаға бір жерге көтерілуге немесе жүгіруге 10-20 секунд жеткілікті. Әсіресе кішкентай балаларды назардан тыс қалдырмаңыздар, - делінген хабарламада.

Тексеру жүргізіліп, сараптама тағайындалды.