Байдарка мен каноеде есу: Қазақстан Минскіде өткен «Мықтылар кубогында» қола медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM – Минск қаласында (Беларусь) байдарка мен каноеде есуден халықаралық «Мықтылар кубогы» турнирі аяқталды. Бұл туралы ҚР ҰОК хабарлады.

Байдарка мен каноеде есу: Қазақстан Минскіде өткен «Мықтылар кубогында» қола медаль еншіледі
Фото: ҚР ҰОК

500 метр қашықтықтағы екілік-байдарка сайысында Татьяна Токарницкая мен Ольга Шмелева үшінші орынға ие болып, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Жалпы жарысқа тоғыз елдің спортшылары қатысты.

Айта кетейік, отандық жеңіл атлет Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды.

 

Соңғы жаңалықтар