Байден әкімшілігі Трампқа TikTok-қа тыйым салу мүмкіндігін береді

АСТАНА. KAZINFORM - Байден әкімшілігі қолданушыларды TikTok желісінен ажырататын шара қолдануды жоспарлап отырған жоқ, деп жазады ABC News. 

TikTok
Фото: pixabay

— Бұл мәселе бойынша біздің ұстанымымыз анық: TikTok Американың бақылауымен жұмысын жалғастыруы керек. Заңның инаугурацияға бір күн қалғанда мерекелік демалыс күндері күшіне енетінін ескерсек, оның орындалуы келесі әкімшілікке байланысты болады, - деді Ақүй қызметкері.

Заңға сәйкес, TikTok 19 қаңтарда жабылуға міндетті емес. Өйткені қолданба дүкендері мен интернет-хостинг қызметтері зардап шегуі мүмкін. Алайда, Apple, Google және Oracle сияқты технологиялық компаниялар TikTok қытайлық «ByteDance» компаниясына тиесілі болған кезде жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Заң Әділет министрлігіне бір пайдаланушыға 5 мың долларға дейін айыппұл салу құқығын береді. Аталған қосымшаны шамамен 170 миллион америкалық пайдаланатынын ескерсек, бұл - өте үлкен сома.

Заңда президент үш шартты ескере отырып, тыйым салуды біржолғы мерзімге 90 күнге дейін кейінге қалдыра алады делінген: TikTok өзінің қытайлық иесінің активтерін сатуды «жүзеге асыру жолында» тұрғанын көрсетуі керек. Сату ісінде «айтарлықтай прогрестің дәлелі» болуы керек және бұл прогресс «тиісті заңды күші бар келісімдермен» бекітілуі керек. 

Қазіргі уақытта осы шарттардың кез келгені орындалғанын көрсететін белгілер жоқ.

Джо Байден және кейбір Конгресс жетекшілері Tik Tok-қа қарсы ультиматум ByteDance және оның Қытай үкіметімен байланысында қауіпсіздік мәселелері үшін қажет деп мәлімдеді.

Дональд Трамп TikTok-қа бірінші мерзімінде тыйым салуға тырысты. Бірақ содан бері 2024 жылғы президенттік науқан кезінде қосымшаны «құтқаруға» уәде беріп, көзқарасын өзгертті. Желтоқсан айында өткен баспасөз мәслихатында жаңа сайланған президент жас сайлаушыларды тартуға көмектескен қосымшаға «жүрегінде жылы орын» бар екенін айтты. 

Бұған дейін Tik-Tok Бас директоры Цзы Чу Шоу дүйсенбіде Дональд Трамптың инаугурациясына қатыса алады деп хабарланған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, Қытай TikTok-ты Илон Маскқа сату мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар