Байден Мексикадан келген заңсыз иммигранттардың баспана сұрау құқығын уақытша жойды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Джо Байден кейінгі жылдары Мексикадан келген мигранттардың рекордтық деңгейге жеткен санын азайтуға бағытталған жарлыққа қол қойғанын хабарлады. Бұл туралы ВВС жазды. 

Байден Мексикадан келген заңсыз иммигранттардың баспана сұрау құқығын уақытша жойды
Фото: bbc.com

АҚШ шекарасын заңсыз кесіп өткен адамдарға АҚШ-тан баспана іздеуге тыйым салынады», - деді АҚШ президенті. 

Байден әкімшілігі бұл шектеу иммиграциялық қызметкерлерге елде заңсыз жүрген адамдарды АҚШ-тан шығаруды жеңілдететінін айтты. 

«Осыған байланысты Әділет министрлігі істерді жылдам қарастыра алады. Ал, Ішкі қауіпсіздік министрлігі Құрама Штаттарда болуға заңды себептері жоқ адамдарды тезірек сыртқа шығара алады», - делінген хабарламада.

Ақ үй қандай да бір деректерді келтірген жоқ, бірақ Reuters-тің әкімшіліктегі анонимді дереккөзге сілтеме жасағанындай, тыйым салу шаралары апта ішінде күн сайын шекарада 2 500-ден астам адам ұсталған жағдайда енгізіледі. Бұл шаралар шекарадағы күнделікті ұсталатын адамдар саны 1 500-ден азайған кезде алынып тасталады.

Соңғы жаңалықтар