Байден мен Трамп Газа мәселесін бірлесіп шешпек

АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ президенті Джо Байден Ақүйде екі сағатқа созылған кездесуде АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптан Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату үшін бірлесіп жұмыс істеуді сұрады, деп жазады Axios.

Байден и Трамп будут работать вместе для освобождения заложников ХАМАС
Фото: instagram.com/potus

Джо Байден сәрсенбі күні Газада тұтқынға алынған америкалықтардың отбасы мүшелерімен кездесті. Ол өз кезегінде қызметіндегі қалған екі айын Газадағы жағдайды бейбітшілікке әкелгісі келетінін жеткізді.

-Біз жаңа командамен ортақ мақсатта жұмыс істеуге, кепілге алынғандарды босату үшін ұжымдық күш жұмсауға дайынбыз, — деді Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джейк Салливан.

Израиль шенеуніктері ХАМАС әлі де Газада 101 адамды кепілде ұстап отырғанын және олардың кемінде 50-і тірі екенін айтты.

Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 43 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Байден мен Трамп Ақ үйде кездесті. 

Соңғы жаңалықтар