Байден «Милтон» дауылына байланысты шетелге сапарын кейінге қалдырды
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Джо Байден Флоридаға «Милтон» дауылының жақындауына байланысты осы аптада Германия мен Анголаға жоспарланған сапарын кейінге қалдырды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады.

«Президент Байден «Милтон» дауылының болжамды траекториясы мен ауырлығын ескере отырып, оған ден қою шараларын және оңтүстік-шығыстағы «Хелен» дауылынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын қадағалау үшін Германия мен Анголаға сапарын кейінге қалдырды», - деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер.
Президент таңертең Ақ үйде болып, алдымен федералды үкіметтің «Хелен» дауылын елеу және «Милтон» дауылына дайындық жұмыстары туралы брифингіні тыңдап, одан кейін осы жұмыс туралы жаңартылған ақпарат берді.
Айта кетейік, Байден бейсенбі күні Украина қорғанысы жөніндегі байланыс тобының отырысына қатысу үшін Берлинге ұшуды жоспарлаған. Содан кейін ол Анголаға сапар жасамақ болды.
Еске салсақ, бұған дейін «Милтон» дауылының Флорида жағалауына жақындағанын жазған едік.