Байден Трампты «саяси түрде түрмеге жабуды» ұсынды

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ президенті Джо Байден Нью-Гэмпширдегі Демократиялық партияның сайлауалды штабына барған кезінде Республикалық партиядан үміткер Дональд Трампты «саяси тұрғыда түрмеге» жабуға шақырды. Жазбаны Sky News арнасы YouTube желісінде жариялады.

Америкалық БАҚ Байденнің пікірталастағы сәтсіздігін талқылап жатыр
Коллаж: Will Lanzoni/CNN

– Біз оны темір торға тоғытуымыз керек, саяси түрмеге жабуымыз керек. Біз жасауымыз керек нәрсе осы, - деді Джо Байден.

Сонымен бірге АҚШ президенті бұған дейін республикашыл кандидатқа қатысты тергеуден алшақтап, Трампқа қарсы қозғалған қылмыстық істерде ешқандай саяси астар жоқ екенін түсіндіріп, сот төрелігінің тәуелсіз болуын талап еткен.

Саясаткердің бұл пікірлері оның бұрынғы сөздерімен ғана емес, Демократиялық партиядан үміткер Камала Харристің әрекетімен де күрт қайшы келеді. Митингтерде ол жиналғандардың Трампқа қатысты «оны қамау керек» деп ұрандауына жол бермеуге тырысты және Әділет министрлігі тәуелсіз әрекет ететінін атап өтті.

Бұған дейін Камала Харрис Fox News арнасына берген сұхбатында Джо Байденнен алшақ болуға тырысты.

АҚШ-та президент сайлауы 5 қарашада өтеді. Bullfinch Group соңғы сауалнамаларына сәйкес, Дональд Трамп өзінің демократиялық қарсыласы Камала Харристі 2%-ға (47%-дан 49%-ға) артта қалдырды.

Бұған дейін Илон Маск Трамп жеңілсе, АҚШ-тағы сайлау соңғы рет болатынын айтқан. 2024 жылдың шілдесінен бастап Илон Маск Трампты қолдау комитетіне кемінде 75 миллион доллар аударды.