02:46, 26 Маусым 2016 | GMT +5
Бәйдібек ауданында Англияның асыл тұқымды сиыры өсіріліп жатыр - ОҚО
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО Бәйдібек ауданында, Боралдай елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер М.Назарбаев «Сыбаға» бағдарламасы аясында 93 бас «Абердин -Ангус» ірі қара малын сатып алды.

Кәсіпкердің негізгі мақсаты: Ірі қара мал тұқымын 1000 басқа жеткізіп, асыл тұқымды репродукторлы шаруашылыққа айналдыру. «Абердин-ангус» тұқымы сапалы ет беретін ірі қара мал тұқымдасына жатады және жиі сапалы азықтандыру мен баптап күтуді қажет етеді.
Қазіргі таңда мұнда аналық бас сиырлар 380 кг, аталық бас 430 кг тартады. Күтіп-баптау мерзімі жеткенде әр аталық бас 700 кг дейін ет береді.
Айта кетейік, осы елді мекеннен 10 азамат жұмыспен қамтылып, ірі қара малдарды баптау жұмыстарымен айналысуда, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.