БАЙҒАРА БИ ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ

Байғара Құттыбайұлы (1699-1775) би, ақын. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сыр бойында дүниеге келген. Орта жүздің (Найман) Сыбан руынан шыққан. Атасы Нарымбай би Ташкентте бек болса, ал әкесі Құттыбай би қазақ тарихында асқан шешендігіне орай «Қу дауысты Құттыбай» атанған.
None
None

Байғара би 16 жасында оңтүстіктегі әулиелердің өлісіне зиярат етіп, тірісіне қол тапсырған.
Ата-бабасының жолын үлгі етіп, билікке ерте араласқан. Байғара би ел арасындағы дау-шараларды шешу кезінде билік айтып та, заманының келеңсіз көріністерін сынап та өлең шығарған, өмір туралы, адамгершілік, асыл қасиеттер жайлы философиялық толғаулар мен адам жасы жөнінде, үй-іші, ошақ басы, ата-ана тағылымы мен жас ұрпақ тәрбиесі туралы тәрбиелік ғақлиялары да бар.
Жетім-жесірге пана болған Байғара бидің әділдігін, шешендігін ақындар Дулат Бабатайұлы, Әсет Найманбайұлы жырға қосса, ал Біржан мен Сара айтысында оның өз заманының айтулы адамы болғандығы тілге тиек етіледі.
Байғара бидің баласы Ақтайлақта жастайынан шешендігімен көзге түсіп, үлкен жиындарда бір ауыз мақалмен немесе толғау-жырымен даулы істерді әділетті шешкендіктен «қазақтың қара тілі, қас биі» атанған.

Ақтайлақ би (ақын,жырау) Байғара бидің мектебінен шыққан 17 ақынның бірі.

Байғара би Құттыбайұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Сарыарқа ауылында жерленген. Жергілікті халық көріпкел ретінде зиратына барып мінәжат етеді. Байғара би кесенесі - Қазақстандағы сәулет өнері ескерткіштерінің бірі. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Сарыарқа ауылында Байғара би Құттыбайұлының ескерткіші орнатылған.

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 2 том

Соңғы жаңалықтар