Бәйге маусымының жабылуына орай СҚО-да Қазақстанның үздік шабандоздары жиналды

Солардың ішінде ұшқыр бәйге, жорға жарыс, желісті жылқы жарысы, құнан бәйге және аламан бәйге бар.
Ұшқыр бәйгеде бірінші болып құнан айғырлар 1600 метр қашықтықта бәсекелесті. Жарыста Геркулес атты жылқысымен алғаш рет қатысқан 18 жастағы Ақмола облысының өкілі Мейірбек Ахматов жеңіске жетті.
«Осыған дейін тек бәйгеге қатысқанмын. Бала кезімнен жылқыларға әуес болып, спорттың осы түрін таңдадым. Қырғызстаннан келдім, Ақмола облысының намысын қорғадым. Алда да жеңістерге жеткім келеді. Бүгін қарсыластарым мықты болды», - деді шабандоз.
Желісті жылқы жарысында шабандоз Қажымұрат Зәріпов Бахус атты жылқысымен үздік нәтиже көрсетті. Көрсеткіші - 3.10,02.
Жарысқа Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарынан, Астана және Ақтөбе қалаларынан 50-ге жуық жылқы қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарыстар 2016 жылғы жазғы жарыс маусымын жабады және ол ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған.