Бәйгеден Қазақстан чемпионаты қай қалаларда өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Биыл бәйгеден Қазақстан чемпионатының іріктеу кезеңдері еліміздің әр өңірінде, атап айтсақ, Шымкент, Алматы қалалары мен Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Петропавл, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында өтеді.
Жүзден жүйрік деп танылған сайгүліктер ең соңында Астана қаласында өтетін финалдық додаға қатысады.
Естеріңізде болса ең алғашқы іріктеу кезеңі 9 наурыз күні Шымкентте өткен болатын. Онда сәйгүліктер құнан бәйге, топ бәйге және аламан бәйге түрлері бойынша сынға түсті.
Кезекті іріктеу кезеңі 20 сәуір күні Қызылорда облысында өтті.
Бәйгеден Қазақстан чемпионатының күнтізбесі:
20 сәуір – Қызылорда облысы
11 мамыр – Алматы қаласы
1 маусым – Ақтөбе қаласы
22 маусым – Көкшетау қаласы
13 шілде – Петропавл
3 тамыз – Қарағанды
24 тамыз – Орал
5 қазан – Астана (финал).