Бәйгеден Қазақстан чемпионатының бірінші іріктеу кезеңі өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Көктемнің алғашқы мерекесімен бірге елімізде бәйге маусымы да басталды. 

Қызылордада аламан бәйгенің жүлдегеріне 4 млн теңгенің сертификаты табысталды
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Шымкент қаласында «Бәйге» федерациясының ұйымдастыруымен бәйгеден Қазақстан чемпионатының бірінші іріктеу кезеңі өтті. 

Сәйгүліктер құнан бәйге, топ бәйге және аламан бәйге түрлері бойынша сынға түсті.

Аталған аталымдар бойынша жеңімпаз атанғандар:

Құнан бәйге — 1-орын Абзал Тұрғанбек, Қарлығаш тұлпары (Алматы облысы)
Топ бәйге — 1-орын Бекзат Ділдахан, Бүркіт тұлпары (Алматы облысы)
Аламан бәйге — 1-орын Абзал Тұрғанбек, Бақторы тұлпары (Алматы облысы)

Айта кетейік, «Бәйге» федерациясы ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.

Бәйгеден Қазақстан чемпионаты тоғыз кезеңнен тұрады.

Әр кезеңде үздік бестікке енген аттар финалға жолдама алып отырады.

Соңғы жаңалықтар