Байқаушылар сайлау күні фото және видеотүсірілімді қалай жүргізе алады – ОСК түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сайлау күні байқаушылар сайлау учаскесінде фото және видеотүсірілімді қалай жүргізе алады? Мұның қыр-сырын Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықов түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Орталық сайлау комиссиясымен бірге ҮЕҰ академиясы» білім беру жобасы шеңберінде сайлауды байқау негіздерін түсіндіруге арналған семинар өткізіп жатыр. Отырысқа онлайн режимде 500-ден астам адам қатысуға ниет білдірген. Жиында сайлауды байқау негіздері түсіндірілуде.

«Байқаушылардың дауыс беру мен қорытынды шығару процесіне кедергі келтірмей, фото, аудио және видеожазба жүргізуге қатысты құқық ерекшеліктерін толығырақ түсіндіріп беруге рұқсат етіңіздер. Бұл құқықты қолдану – Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген адамның құқықтары мен еркіндігін, сонымен бірге консутитуциялық заңда бекітілген құпия дауыс беру қағидаттарын қорғау қағидатына қол сұғу ретінде есептелмейді», - деді Серік Сыдықов.

ОСК мүшесі Конституцияның 18-бабының 1 және 2 бөлігін еске салды. Олар: Бірінші – әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар; Екінші – әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

Сонымен бірге Серік Сыдықов Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Заңының 8-бабына сәйкес «Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс берiлетіндігін әрi сайлаушылардың өз еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейтінін» еске салды. Ал Азаматтық кодекстің 145-бабына сәйкес, келісімінсіз ешкім де біреудің суретін пайдалана алмайды.

«Тиісінше, фото, аудио және видеожазбаның өзі байқаумен бірдей жеке мәліметтердің, сонымен қатар сайлаушылардың тізімінің құпиялылығы сақталатындай жүргізілуі керек», - деді ол.

Оның айтуынша, байқаушы сайлау барысындағы өзінің фото, аудио және видеожазба жүргізу құқығын қолдану кезінде сайлау учаскесіндегі аталған ереженің сақталуы бойынша сайлау комисиясы төрағасының орынбасарының талаптарын орындауы керек», - деп түйді Серік Сыдықов.


Соңғы жаңалықтар