Байқоңырда 6 адам атаулы әлеуметтік көмек алу үшін табысын жасырған
АСТАНА. KAZINFORM — Байқоңыр қаласында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау кезінде заң бұзушылықтар анықталды. Тексеру нәтижесінде табысын жасырған 6 адамға бюджеттен заңсыз 2,6 млн теңге төленген.
Байқоңыр қаласының прокуратурасы АӘК тағайындау кезінде заң талаптарының сақталуына талдау жүргізген.
Тексеру барысында алты азаматтың табысын жасырғаны анықталған. Соның салдарынан оларға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 2,6 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек артық төленген.
— Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтар жойылды. Қазірдің өзінде екі азаматтан мемлекет бюджетіне 553 233 теңге өндірілді, — делінген хабарламада.
Қалған тұлғалардан артық төленген қаражатты өндіріп алу мәселесі сот тәртібімен қаралып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдан Ақтауға оңай табыс іздеп келген қыз 7 жылға сотталғанын хабарлаған едік.