Байқоңырдан алғаш рет «Сұңқар» зымыраны ұшырылды

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы 30 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 23-те «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінен «Союз-5» («Сұңқар»)зымыраны ұшырылды.

Сұңқар зымыраны
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Пайдалы жүктеме макеті бар «Союз-5» зымыраны 31 наурызда ғарыш айлағының теміржол тармағы бойынша алаңның 42 монтаждау-сынау корпусынан шығарылды және алаңның 45 ұшыру құрылғысына тік күйде орнатылды.

Бір айға жуық уақыт бойы «Бәйтерек» ұшыру кешенінде жерүсті кешені мен жаңа зымыранның негізгі сынақтары жүргізілді.

а
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Бірінші сынақ ұшырылымы жер орбитасына пайдалы жүктеме макетін шығармай суборбитальды траектория бойынша орындалды.

Іске қосудың негізгі мақсаты – ұшыру кешені жабдықтарының, зымыран тасығыштың қозғалтқыштары мен жүйелерінің, бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысын тексеру.

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешені (ҒЗК) — ғарыштық ұшыруды жүзеге асыру үшін «Байқоңыр» кешенінде жерүсті ғарыш құрылымын құру жөніндегі Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы.

Байқоңырдан «Союз-5» зымыранын ұшыру кейінге қалдырылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар