«Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толды

АСТАНА. KAZINFORM — Адамзат алғаш ғарышқа аттанып, арманын орындаған «Байқоңыр» ғарыш алаңының құрылғанына 70 жыл толды. Осы орайда, Kazinform архивтегі суреттерді көтерді. 

Байқоңыр ғарыш айлағындағы ұшыру алаңы
Фото: Байқоңыр ғарыш айлағы. 1980 жылдар. И. Будневич

Ғарыш айлағы мен аттас қаланы қамтитын ғарыш кешені 1955 жылы 2 маусымда құрылды.

Зертханадағы ғарыш аппараты
Фото: Байқоңыр. Зертханадағы ғарыш аппараты. 1980 жылдар. И. Будневич

Дәл осы күні КСРО Қарулы Күштерінің бас штабы Байқоңырды ресми түрде әскери полигон деп мойындап, бұл өңірге 11284 әскери бөлімін орналастыру туралы бұйрық шығарды.

Ұшу алаңындағы ғарыш кемесі
Фото: Ұшу алаңындағы ғарыш кемесі. Байқоңыр қаласы. 1991 жыл. И. Будневич

Еске салсақ, 12 сәуір — Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні қарсаңында Kazinform тілшісі әлемдегі ең алғашқы әрі ең ірі ғарыш айлағы жөніндегі қызық мәліметтерді шолып шыққан еді.

Соңғы жаңалықтар