Байқоңыр әкімдігінің басшысы жаңа командасын жасақтады

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 13 маусымынан бастап өз міндетіне кіріскен Байқоңыр қаласы әкімдігінің жаңа басшысы Константин Бусыгин алғашқы тағайындауларын жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Байқоңыр әкімдігінің басшысы жаңа командасын жасақтады

2017 жылдың 16 маусымынан бастап әкімдік басшысының бірінші орынбасары болып Виктор Лопаткин тағайындалды.

2017 жылдың 4 шілдесінен  әкімдік басшысының орынбасары қызметіне Кубаныч Абдубатаев келді. Ал, 5 шілдеден бастап Байқоңыр қаласы әкімдігі басшысының жарлығымен аппарат басшысы болып Әрсен Қаспаров тағайындалды.

Байқоңыр қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, әкімдік басшысы командасының жаңартылуы мен құрылуы әлі де жалғасын табады. Алдағы уақытта әкімдік басшысының тағы бір орынбасары тағайындалмақшы.