Байқоңыр» ғарыш айлағынан №119 «Союз-У» зымыран-тасымалдағышы бар №406-шы «Прогресс М - 06М» жүк ғарыш кемесі ұшырылды

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Кеше, маусымның 30-ы күні астана уақытымен 21 сағат 35 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан №119 «Союз-У» зымыран-тасымалдағышы бар №406-шы «Прогресс М - 06М» жүк ғарыш кемесі ұшырылды.
None
None

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, зымыранның ұшырылуы штаттық кестеге сәйкес өтті.

Ұшырылумен болуы мүмкін салдарды жою үшін осы күнгі 19 сағат 35 минуттан 22.35-ге дейін ТЖМ-ның Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қызылорда облыстары бойынша Төтенше жағдайлар департаменттері жоғары дайындық кезеңінде болды.

Соңғы жаңалықтар