10:07, 12 Шілде 2010 | GMT +5
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасымалдағышымен «Экостар-15» ғарыш аппараты ұшырылды
АСТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Жексенбі күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасымалдағышымен «Экостар-15» ғарыш аппараты ұшырылды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

ТЖМ-нің атап өтуінше, зымыранның ұшырылуы штаттық бағдарлама бойынша өткен.
Зымыран тасымалдағыштың ұшырылуына байланысты мүмкінді апаттардың алдын алу үшін ҚР ТЖМ-ның Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарындағы төтенше жағдайлар департаменттері мен апаттық құтқару күштері жоғары дайындық режімінде болды.