«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымырантасығышымен «Протостар-2» ғарықтық аппараты ұшырылды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 16-сы. ҚазАқпарат – Бүгін таңғы сағат 06.57-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымырантасығышымен «Протостар-2» ғарыштық аппараты ұшырылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Министрліктің хабарлауынша, зымыранды ұшыру қалыпты жағдайда өткен. Мамырдың 16-сында ҚР ТЖМ Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша төтенше жағдайлар департаменттерінің апаттық-құтқару күштері мен құралдары ұшыруға байланысты ықтимал салдарларды жою үшін сағат 04.57-ден 07.57-ге дейін күшейтілген әзірлік режімінде болды.
Соңғы жаңалықтар