«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз ТМА-08М» басқарылатын көлік кемесі ұшырылды

БАЙҚОҢЫР. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін, Астана уақыты бойынша 02 сағат 43 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағының Гагарин алаңынан «Союз ТМА-08М» басқарылатын көлік кемесінің (БКК) сәтті ұшырылымы өтті.
None
None

Он минуттан кейін бортында халықаралық экипажы бар ғарыш кемесі жермаңы орбитаға шықты.

Тағы алты сағаттан кейін «Союз ТМА-08М» БКК Халықаралық ғарыш стансысына түйісуі тиіс. Жарты жылдық экспедицияға аттанған ресейлік космонавтар Павел Виноградовты, Александр Мисуркинді және америкалық астронавт Кристофер Кэссидиді ғарыш үйінде Халықаралық ғарыш стансысының алдыңғы миссиясының экипажы күтуде.

Ғарыш кемесінің ұшырылуын Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары - Қазақстан Республикасы Премьер -Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов пен Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов бақылады.

Соңғы жаңалықтар