Байқоңыр ғарыш айлағында ХҒС-қа аттанатын жаңа экипаж құрамы бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Мемлекеттік комиссиясы Байқоңыр ғарыш айлағында 23 шілдеде Халықаралық ғарыш стансасына аттанатын жаңа экипаж мүшелерін бекітті.
None
None

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Ғарыш экспедициясының негізгі экипажының құрамында "Союз ТМА-17М" кемесінің командирі - ресейлік Олег Кононенко, жапониялық бортинженер Кимия Юи мен НАСА астронавты, бортинженер Челл Линдгрен бар.

Қосалқы экипаж құрамында: Роскосмос ғарышкері Юрий Маленченко, НАСА астронавты Тимоти Копра мен Еуропалық ғарыш агенттігінің маманы Тимоти Пик бар.

Жаңа экспедицияның ұшуы 23 шілде, Мәскеу уақытымен сағат 00.02-ге жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар