«Байқоңыр» ғарыш айлағының нысандарына бару тәртібіне өзгерістер енгізілген заң жобасы мақұлданды - Мәжіліс

аусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенінде болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
None
None

Құжат Парламент Сенатына жіберіледі.
Екі ел арасындағы келісімнің мәні Қазақстан Республикасының азаматтары мен РФ азаматтары - ғарыш айлағы персоналының, Байқоңыр қаласы тұрғындарының, лауазымды адамдардың, БАҚ өкілдерінің, делегациялардың, туристердің, қалаға жеке шаруаларымен келетін адамдардың, сондай-ақ шетел азаматтарының «Байқоңыр» кешеніне бару тәртібін айқындау болып табылады. Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар болып Қазақстан тарапынан - ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі, РФ тарапынан - Федералдық ғарыш агенттігі мен Байқоңыр қаласының әкімшілігі белгіленген.

««Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметіне Қазақстан тарапының қатысуында айқын өзгерістер орын алып жатыр. Атап айтқанда, бірқатар ғарыш нысандарының пайдалану мерзімдерінің аяқталуына немесе РФ әскери контингентінің кетуіне байланысты ол нысандар жалға беру құрамынан шығарылды. Бұлар Қазақстан тарапының қарамағына берілді. Сонымен бірге, «Бәйтерек» ғарыш зымыранын құруға қажетті бірқатар нысандарды да өз еліміздің қарамағына алып отырмыз. Бұндай жағдайлар «Байқоңыр» ғарыш айлағының нысандарына бару тәртібіне өзгерістер енгізу қажеттілігін тудырып отыр», деді ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабаев.

Оның айтуынша, бұдан бұрын аталмыш тәртіп тек қана Ресей тарапымен анықталып, шешімді тек Ресей тарапы қабылдайтын. Ал мына келісімде «Байқоңыр» кешені нысандарына баруға рұқсат берудің жаңа тәртібі көзделеді, ол бойынша шешім Қазақстан тарапындағы нысандарға ҚР Ұлттық ғарыш агенттігімен берілетін болады.

«Келісімде шет ел азаматтарының өтінімдерін қарау мерзімі бұрынғы қалпында - 45 күн болып қалса, Қазақстан азаматтарының өтінімін қарау мерзімі 5 күнге дейін қысқартылды. Осылайша, келісімнің күшіне енуі Қазақстан азаматтарының «Байқоңыр» кешеніне баруына рұқсат беру мәселесін неғұрлым жедел шешуге мүмкіндік береді», деді М. Молдабеков.

Соңғы жаңалықтар