«Байқоңыр» ғарыш кешенінің аймағынан шағын дисней-ленд құруға болады - ISSMAT 2011 Еуразиялық саммиті
Мемлекет басшысының «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Сәбит Қожаметов. Бұл туралы ол бүгін Астанада өтіп жатқан ISSMAT 2011 Еуразиялық саммитінде мәлім етті.
«Байқоңыр» әлемдегі ең көп ғарыш аппараттары ұшырылған кешендерің бірі. «Жалпы алғанда бұл ғарыш кешенінің ғылыми әлеуеті өте зор. Ал әзірге ол тек ғарыш саласымен байланысты шараларды ғана іске асыруда. Ендеше бүгін «Байқоңыр» ғарыш кешенінің аймағында туризм кластерін құру маңызды міндеттерің бірі. Сондай-ақ мұнда жаңа инновациялық технологиялардың арнайы кеңістігін құруға болады»,-дейді Мемлекет басшысының «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі.
Оның айтуынша, бүгінде «Байқоңыр» ғарыш кешенінің аймағынан шағын дисней-ленд құру мәселесі ойластырылуда. «Бұл шағын ғана ғарыш планеталарының біріне айналмақ. Кез келген азамат келіп, ондағы құрылғылар арқылы өзін ғарышта жүргендей сезімге бөлене алатын болады»,-деді С.Қожаметов.