«Байқоңыр» инвестициялық форумы Байқоңырда жалғасты

Ғарыш айлағында басталған форум «Байқоңыр қаласының дамуы» деген тақырып бойынша өтті. Онда «Роскосмос» федералды ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Анатолий Шилов пен Байқоңыр қаласы басшысының міндетін атқарушы Анатолий Петренко құттықтау сөз сөйледі.
«Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «Роскосмос» федералды ғарыш агенттігінің басқарма басшысы Анатолий Белоконь кешендегі өнеркәсіпті дамыту мақсатында ғарыш айлағының әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берсе, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев қаланың индустриалды даму перспективалары жайлы айтып берді. Сондай-ақ секциялық жиында «Казахстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры Жаңбыршы Көбей, «KAZNEX INVEST» Ұлттық экспорт және инвестиция агенттігі» АҚ аймақтық әріптестік жөніндегі басқарушы директоры Нұрболат Сейітмағанбетов баяндама жасады.
Форумда «Байқоңыр» туристік брендін дамыту перспективалары да талқыланды. Сондай-ақ бірқатар меморандумға қол қойылды.