Байқоңыр қаласында 53 жастағы азамат Сырдария өзеніне батып кетті

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоыңр қаласында 53 жастағы азамат Сырдария өзеніне суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқоңыр қаласында 53 жастағы азамат Сырдария өзеніне батып кетті

Оқиға 9 ақпан сағат 18.30 шамасында болған.

Байқоңыр қаласындағы «Маяк» спорт кешені тұсында 1968 жылы дүниеге келген азамат дарияға батып кеткен.

Байқоңыр қаласында тұрған азаматты іздестіру жүмыстарына 4 құтқарушы жұмылдырылды.

Дарияға балық аулау мақсатында қайықпен 4 адам шыққан. Мұз жарылып, бір адам суға батып кетеді. Қасындағы адамдардың оны құтқаруға мүмкіндігі болмаған.

«Төтенше жағдайлар департаментіне бұл жөніндегі хабар 20.00 шамасында түскен. Қазір оқиға орнында 2 құтқарушы, 2 сүңгуірлер тобы бір қайықпен іздестіру жұмыстарын жүргізуде», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, Қызылорда облысында жыл басынан бері 8 өрт оқиғасы тіркелген.