08:12, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Байқоңыр қаласында жаңа сауда орталығы ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Байқоңыр қаласындағы 6-шағын ауданда "Строймода" жаңа сауда орталығы ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Онда құрылысқа қажетті барлық құрал-жабдықтың түрлері және тұрғын үй иелерінің сұранысындағы сантехникалық құрал-саймандар сатылады. Сауда орталығы құрылысына 5 млн. теңгеден аса қаржы жұмсалған. Орталық басшысы Талғат Сұлтанов мұнан өзге спорт- бар, интернет-кафе, бильярд, балалар ойын-сауық алаңын іске қосуды көздеп отыр.