«Байқоңыр» кешені бойынша алғашқы үкіметаралық комиссияның жұмысы «Союз ТМА-08М» басқарылатын көлік кемесінің ұшырылуына бірнеше сағат қалғанда аяқталды

БАЙҚОҢЫР. 29 наурыз. ҚазАқпарат - «Байқоңыр» кешені бойынша алғашқы үкіметаралық комиссияның жұмысы «Союз ТМА-08М» басқарылатын көлік кемесінің (БКК) ұшырылуына бірнеше сағат қалғанда аяқталды.
None
None

Рсеей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) хаттамасының қорытынды мәтініне қол қоймас бұрын комиссия жетекшілері - Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов пен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов, сондай-ақ Роскосмос пен Қазғарыш басшылары Владимир Поповкин және Талғат Мұсабаев ғарыш айлағының нысандарын аралады.

Ресей мен Қазақстанның вице-премьерлері «Союз ТМА-08М» БКК экипажының скафандр кию рәсіміне қатысты. Олар Ресей, АҚШ, Қазақстанның ғарыш ведомстволарының басшыларымен және ғарышкерлердің туыстарымен бірге ресейліктер Павел Виноградов, Александр Мисуркин және американдық астронавт Кристофер Кэссидимен тілдесті.

Осыдан соң И.Шувалов пен Қ. Келімбетов «Союз ТМА-08М» БКК экипажының ұшуға дайындығы жөніндегі баяндамасын тыңдады. «Союз ТМА-08М» ғарыш кемесінің ұшырылуына бір сағат уақыт қалғанда Ресей мен Қазақстанның вице-премьерлері Байқоңыр ғарыш айлағының тарихы мұражайын барды. Осы тарихи мұражайдың орталық залдарының бірінде Игорь Шувалов пен Қайрат Келімбетов «Байқоңыр» кешені бойынша алғашқы үкіметаралық комиссияның хаттамасына қол қойды.

«Байқоңыр» кешені бойынша алғашқы үкіметаралық комиссияның жұмыс қорытындысын шығарған И. Шувалов пен Қ. Келімбетов Ресей мен Қазақстанның «Байқоңыр» кешенін жалдау жөніндегі келісімді ұстанатындықтарын, сондай-ақ қос ел президенттерінің Байқоңырды жалға беру мерзімін 2050 жылға дейін ұзарту туралы шешімін ерекше атап өтті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов ҮАК бірінші отырыс қорытындысы бойынша маңызды үш мәселеге тоқталды. Бұл екі ел президенттерінің «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану бойынша Жол картасын дайындау және «Байқоңырды» жалға берудегі Ресей мен Қазақстанның мүдделерін ескеретін келісімдік-құқықтық базаны жетілдіру туралы тапсырмаларының орындалғаны. Сонымен бірге Қ. Келімбетов тараптар 2013 жылы Байқоңырдан ұшырылатын зымыран-тасығыштар бойынша уағдаластыққа қол жеткізді деп атап өтті.

Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов Байқоңыр бойынша жаңа базалық құжаттың қажет екеніне назар аударды. Байқоңырдан зымыран ұшыру мәселесінде оны бірнеше жыл бұрын жоспарлау қажеттігіне тоқталған ол: «Бұл тұрғыда бізде ешқандай келіспеушілік жоқ», - деді.

Брифинг соңында И. Шувалов пен Қ. Келімбетов екі елдің «Байқоңыр» ғарыш айлағын өзара тиімді шарттар негізінде бірлесіп пайдалану бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін тағы да қуаттады.

Астана уақыты бойынша 02 сағат 43 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағының Гагарин алаңынан «Союз ТМА-08М» басқарылатын көлік кемесінің (БКК) сәтті ұшырылымы өтті.

Он минуттан кейін бортында халықаралық экипажы бар ғарыш кемесі жермаңы орбитаға шықты.

Тағы алты сағаттан кейін «Союз ТМА-08М» БКК Халықаралық ғарыш стансысына түйісуі тиіс. Жарты жылдық экспедицияға аттанған ресейлік космонавтар Павел Виноградовты, Александр Мисуркинді және америкалық астронавт Кристофер Кэссидиді ғарыш үйінде Халықаралық ғарыш стансысының алдыңғы миссиясының экипажы күтуде.

Ғарыш кемесінің ұшырылуын Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов пен Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов бақылады.

Соңғы жаңалықтар