Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жеке­­шелендіру департаменті өз міндеттемесін орындауға көңіл бөліп отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жеке­­шелендіру департаменті ғарыш­тық кешен аумағындағы республикалық меншік нысандарын басқару, жеке­шелендіру және экономикалық страте­гиялық маңызы бар салалардағы мемлекеттік мониторингті және бақылау міндеттемелерін жүзеге асыруда,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жыл көлемінде жалға берілген 17 мемлекеттік мүлік нысаны бойынша халықтық қазына қорына 6,8 млн. теңге түсіріліп, жекешелендіру жұмыстары аясында республикалық бюджет 15,4 млн. теңгемен толықты.

Ғарыш кешенін қамтамасыз етуге арналған техни­калық, технологиялық жабдықтар, ғарыш зымырандары және арнайы техникалардың жеткізілуі мен әке­тілуіне қатысты 1446 өтінім қаралып, 309 қабылдау-тапсыру актілері бекітілді. Қосалқы жалға беру туралы 296 шартқа қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар