10:48, 12 Мамыр 2010 | GMT +5
Байқоңыр өңірінің дамуы талқыланды
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан ИГІЛІК/ - Кеше облыс әкімі Болатбек Қуандықов Байқоңыр қаласының, Төретам кентінің және Ақай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін шешу жөніндегі 2010-2012 жылдарға арналған кешенді жоспарға қатысты тиісті сала басшыларының қатысуымен мәжіліс өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжіліс барысында кешенді жоспарға қатысты көтерілген мәселелер талқыланып, облыс әкімі Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілдік пен сала басшыларына жоспарға қатысты кейбір мәселелерді нақтылап, қайта қарау жөнінде тапсырма берді.