Байқоңыр осы жылғы соңғы зымыранын ұшыруға дайындалуда

Ғарышқа арналған «Бриз-М» үдеткіш блогы бар «Протон-М» және Ресей телекоммуникациялық ғарыш аппараты бар «Экспресс-АМ5» зымырандарын ұшыру 26 желтоқсанға жоспарланған.
«Экспресс-АМ5» ҒА-ны «Ақпараттық серіктік жүйелер» (АЖЖ) ААҚ кооперация кәсіпорындарымен бірге жасап шығарған. Ол Ресей аумағында цифрлік телевизия және радио хабарларын таратуды қамтамасыз етуге, жылжымалы президенттік және үкіметтік байланыс міндеттерін шешуге, мультисервистік қызмет (телефон байланысы, бейне конференциялық байланыс, мәліметтерді жеткізу, Ғаламтор желісіне қол жетімділік) пакетін ұсынуға, сондай-ақ, VSAT технологиясы негізінде байланыс желілерін құруға арналған.
«Экспресс-АМ5» ҒА бортында C-, Ku-, Ka- және L-диапазонды транспондерлер орнатылған. Ғарыш аппаратының кепілдік берілген белсенді жұмыс мерзімі 15 жылды құрайды, пайдалы жүктемеге бөлінетін қуаттылығы 14 кВт-тан кем емес. ҒА-ның салмағы - 3400 келі. Қызметтік жүйелер модулі ретінде АЖЖ ААҚ-та жасап шығарылған «Экспресс-2000» бірыңғайланған жерсеріктік платформасы қолданылған, деп хабарлайды Роскосмостың баспасөз қызметінен.