Байқоңырда адамзат үшін ғарыш дәуірінің басталған күні атап өтілуде

1957 жылдың 4 қазаны адамзат үшін ғарыш дәуірінің басталған кезеңі ретінде тарихқа енді.
Ғарыштық мерейтойды мерекелеу кеше «Сатурн» киноконцерттік залында өткен салтанатты жиыннан басталды. Ғарыш ардагерлері арнайы рейспен Мәскеуден Байқоңырға ұшып келді.
Ресей Федералды ғарыш агенттігінің басшысы Владимир Поповкин қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтады.
Ресейғарыштың басшысы зымыран-ғарыш саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне арналған РФ Президенті Владимир Путиннің құттықтау жеделхатын оқып берді.
Салтанатты жиында Ресей Федерациясының ордендері мен медальдары және Ресей Федералды ғарыш агенттігінің наградалары тапсырылды. Салтанат мерекелік концертпен аяқталды.
4 қазан күнгі мерекелік іс-шаралар Сергей Королевке арналған ескерткіштің алдында өткен митингпен басталды. Негізгі іс-шаралар бүгін Байқоңыр қаласының орталық алаңдарында өтетін болады.