Байқоңырда арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқан адам анықталды

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңырда әлеуметтік желідегі парақшасында арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқан адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазірге дейін өңірде төтенше жағдай кезінде 240 құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Оның ішінде сот шешімімен 11 құқық бұзушыға ескерту берілсе, 47-не айыппұл салынды, 157-і әкімшілік қамаққа алынды. Ал ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы бойынша елімізде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұздың 84дерегі анықталды.
Сот шешімімен 2 құқық бұзушыға ескерту берілсе, 11-не айыппұл, 84 әкімшілік қамаққа алу түріндегі тәртіптік шаралары көрілді.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Байқоңыр қаласының тұрғыны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқан. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабының 1-бөлігімен (Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер) әкімшілік хаттама іс-құжаттары рәсімделді.
Оған Байқоңыр қалалық соты шешімімен «ескерту» түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды. «Облыс тұрғандарына «Жалған ақпараттарды тарату фактілерін анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жасалып, арандатушыларды анықтау жұмыстары үнемі жүргізілетінін ескертеміз.
Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда», - делінген полиция департаментінің хабарламасында. Еске салсақ, Қызылордада бірыңғай байланыс орталығына төтенше жағдай кезінде 70 мың қоңырау түскен.
Соңғы жаңалықтар