Байқоңырда Ата заң мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Байқоңырдағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік шарада қала басшысы А.П.Петренко және ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі С.С.Қожаниязов құттықтау сөз сөйлеп, өз саласының үздігі боп жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.
None
None

Бұл туралы «Жастарды қолдау орталығы» МКМ Байқоңыр қалалық бөлімінен хабарлады.

Салтанатты шараның ресми бөлімі қала көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Әртүрлі аймақтық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары өнер көрсеткен мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті.

Соңғы жаңалықтар