Байқоңырда ХҒС-қа кезекті экспедицияға ұшуға әзірлік басталды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында Халықаралық ғарыш стансасының бағдарламасы бойынша «Союз ТМА-20М» басқарылатын ғарыш кемесін ұшыруға әзірлік жалғасуда.
None
None

Ресейлік «Энергия» ғарыш корпорациясының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Союз ТМА-20М» ғарыш кемесімен «Союз-ФГ» ғарыш тасығышының бас блогы ғарыш аппараттарының монтаждау-сынақ корпусынан жинақтау үшін зымыран тасығыш МСК-ға әкелінді.

Байқоңыр ғарыш айлағынан кезекті экспедицияға ұшырылым 2016 жылғы 19 наурызға тағайындалды. Ғарыш айлағында ұшырылым алды дайындықты ғарышкерлер Алексей Овчинин, Олег Скрипочки және НАСА астронавты Джеффри Уилльямс, сондай-ақ олардың дублерлары - ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков, Андрей Борисенко мен НАСА астронавты Роберт Кимброу құрамындағы негізгі экипаж аяқтайды.

Соңғы жаңалықтар