22:23, 18 Шілде 2022 | GMT +5
Байқоңырда қос елдің азаматтығымен жүрген әйелге 612 мың теңге айыппұл салынды
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласында қос азаматтықпен жүрген әйел анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шілде айында ҚР Ішкі істер министрлігі Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің көші-қон қызметінің қызметкерлері құжат тексеру кезінде қос азаматтықпен жүрген Байқоңыр қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтады.
Ол Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын хабарламаған.
«Әйелден ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты қайтарып алынды. Ол ҚР азаматтығынан шығарылды. Тәртіп бұзушыға ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 496-бабы 2-бөлігі бойынша 200 айлық есептік көрсеткіш (612 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - деп мәлім етті ҚР Ішкі істер министрлігі Байқоңыр қаласындағы өкілдігінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада төлем қабылдайтын 3 терминалды ұрлаған жігіттің ұсталғанын хабарлаған едік.