Байқоңырда Мемлекеттік тілді үйретудің курсы ашылды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Елбасының «Тілдерді қолдау және дамытудың 2001-2010 мемлекеттік бағдарламасы» республика аймақтарында жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласында мемлекеттік қызметте қазақ тілін қолдану аясы кеңейіп келеді.
None
None

Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілдігі аппараты мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы жергілікті филиалының бастамасымен осы өңірдегі қазақстандық құрылымдардың қызметкерлеріне қазақ тілін оқытып-үйретудің курсы ашылды. Оны облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың жанындағы тілдерді оқытудың өңірлік орталығы ұйымдастырып отыр.

Шараның тұсаукесер рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі Сәбит Қожаметов халықтың ұлт екенін айғақтайтын төл құжаты қазақ тілінің мәртебесінің биік болуын тіледі.

Соңғы жаңалықтар